"Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы » Арқарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Арқарлы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы
11
сентябрь
2023

"Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы

      Республикалық Төтенше жағдайлар Департаментінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 11 қыркүйек сағат 12.55-те төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша "Жер -2023" командалық штабтық оқу-жаттығу аясында дабыл түймесін қосу арқылы сейсмикалық және өрт болған жағдайдағы эвакуациялық жаттығу өткізілді. 
 Азаматтық қорғаныс бағытында оқу-жаттығуларын ұйымдастырудың басты мақсаты - халықты төтенше жағдай уақытында қорғануға үйретудің бір әдісі болып табылады. Төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар сауатты іс-әрекеттер мен қызметкерлердің дұрыс мінез-құлқы бойынша практикалық дағдылар меңгерілді, қауіпсіз орындар көрсетілді және басқа да апаттарға қосымша мағлұматтар берілді. Зардап шеккендерге алғашқы көмек қалай көрсетілетіні туралы түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Жаттығу жасау барысында төтенше жағдайға байланысты дабыл соққан кезде, жер сілкінісі және өртке қарсы машықтануларды өткізу қажет екендігі айтылды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы

[/aviable]
gamagram.com.