1 Қыркүйек Білім күні » Арқарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Арқарлы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2023

1 Қыркүйек Білім күні

     "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
2023-2024 оқу жылына "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ-нің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 сыныптың бүлдіршіндері сынып жетекшісі Нусупбекова Элмира Болатбекбекқызы ортаға шақырылды. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
     2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтау үшін мектеп директоры Данабекова Салтанат Мелісқызына және Білім күніне орай шақырылған қонақтар ауыл әкімі Е.Е.Төкеновке, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.С.Қоңыровка сөз берілді.
    1 сынып жетекшісі Э.Б.Нусупбекова өз оқушыларымен ортаға шығып, тақпақтары мен әндерін барша қауымға арнады.
Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде "Әліппе" оқулықтары табысталды. Алғашғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Н.Бақбергенұлы мен 1 сынып оқушысы атанып отырған бүлдіршін А.Әбсейітқызына берілді.  

Похожие публикации:

25 октябрь 2022 Спорттық ойындар
19 октябрь 2022 Атамекен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы

[/aviable]
gamagram.com.