"Тіл - татулық тірегі" кітап көрмесі » Арқарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №2 города Үшарал
"Арқарлы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Тіл - татулық тірегі" кітап көрмесі
05
сентябрь
2023

"Тіл - татулық тірегі" кітап көрмесі

     5 қырқүйек Қазақстан халқы тілдері  күні. Бұл күн - қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері, тіл білімінің іргетасын қалаушы қалаушы, ағартушы педагог, лингвист, ақын, аудармашы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлауда. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған ақын, түркітанушы ғалым, публицист және де Отанының нағыз патриоты.
        "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" Управления образования Алматинской области кітапханасында "Тіл - татулық тірегі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында А.Байтұрсынұлының туған күніне орай "Тіл білімінің атасы" атты ақын өміріне, шығармашылығына шолу жасалып, көрмемен таныстырылды. Қатысушы оқырман оқушылар тіл туралы нақыл сөздерді талдап, тіл туралы өлеңдер айтты. Сондай-ақ қазақ әліпбиінің реформаторы, таза қазақ емлесімен шыққан "Қазақ" газетінің редакторы, этнограф, фольклорист Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ақынның мұраларына шолу жасалды. Оқушылар ақын өлеңдерін, мысалдарын, аудармаларын жарыса айтып берді. Кітапханашының іс-шараны ұйымдастырудағы мақсаты Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, тілдің, сөздің құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. 
     Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Последние новости

Все новости

Лента новостей

[/aviable]
gamagram.com.