"Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы » Арқарлы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №2 города Үшарал
"Арқарлы орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы
11
сентябрь
2023

"Жер - 2023" командалық штабтық оқу жаттығуы

      Республикалық Төтенше жағдайлар Департаментінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде "Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" Управления образования Алматинской области нде 2023 жылдың 11 қыркүйек сағат 12.55-те төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша "Жер -2023" командалық штабтық оқу-жаттығу аясында дабыл түймесін қосу арқылы сейсмикалық және өрт болған жағдайдағы эвакуациялық жаттығу өткізілді. 
 Азаматтық қорғаныс бағытында оқу-жаттығуларын ұйымдастырудың басты мақсаты - халықты төтенше жағдай уақытында қорғануға үйретудің бір әдісі болып табылады. Төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар сауатты іс-әрекеттер мен қызметкерлердің дұрыс мінез-құлқы бойынша практикалық дағдылар меңгерілді, қауіпсіз орындар көрсетілді және басқа да апаттарға қосымша мағлұматтар берілді. Зардап шеккендерге алғашқы көмек қалай көрсетілетіні туралы түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Жаттығу жасау барысында төтенше жағдайға байланысты дабыл соққан кезде, жер сілкінісі және өртке қарсы машықтануларды өткізу қажет екендігі айтылды. 

Последние новости

Все новости

Лента новостей

[/aviable]
gamagram.com.